«Логопедиялық жаттығулар» тақырыбында қолданбалы курсына арнап жазылған авторлық бағдарлама


Исаева Г. Ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының логопед олифренопедагогы

Кіріспе

      Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, тіл  кемістіктері бар балалардың саны  жылдан-жылға артып келетінін байқаймыз.  Сөйлеу дамуының кешігуі,сөйлеу тілінің дамуы тежелуінің әр түрлі деңгейлері, ерте жастағы дамуында ауытқулар, дыбыстарды дұрыс айталмауы, тілдің фонетикалық –фонематикалық дамуы тежелуі бар балаларды жиі кездесетінің көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.

      Бұл тақырыптың өзектілігі мынада – дамуында ауытқуы бар ерте жастағы қазақ тілді балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту, дыбыс айту бұзылысын түзету бойынша  жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қажет етеді. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде дамыту, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табылады және тіл кемістіктердің пайда болуының алдын алады.

     Мектепке дейінгі жаста дыбыс айту бұзылыстарын түзету  бала өмірінің келешегіне өте маңызды. Дыбыс бұзылыстары баланың есте сақтау , ойлау, қиялдау сияқты психикалық процестерінің дамуындағы ауытқуларына әкеліп соғуы және қарым-қатынасқа түсуіне кері әсер тигізу мүмкін.

     Әдістемелік құрал мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен логопедиялық жұмыста кездесетін проблемаларды шешуге және түзету сабақтарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.  Ұсынып отырған  артикуляциялық жаттығулар  кешендері мен гимнастика түрлері, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулары,ойын техникасы тұрғысынан баланың дыбыс айту бұзылыстарын түзетумен қатар, оның қызығушылығын арттырудаөзүлесін қосатыны сөзсіз.

     Осы ұсынылған  ойын жаттығулар жүйесі мен түзету  жұмысында қолдануы мұғалім-логопедтерге баланың сабаққа деген қызығушылын арттырып, логопедиялық тиімді әсер етуге көмектеседі.

                         Дыбыстарды айту кемшіліктерін түзету

    Дыбыстарды түзету  төрт негізгі кезеңдерден тұрады:

1.Дайындық кезеңі – дыбысты дұрыс қабылдап, қайталау және дыбыс анализаторларын дайындау (артикуляциялық жаттығуларды,тыныс алу гимнастикасы орындау, қолдың ұсақ моторикасын, фонематикалық естуін дамыту, сөздік қорын молайту,баланы  сөйлеу белсенділігін ынталандыру).

                                 Артикуляциялық жаттығулар

Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту

Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойыннан соң, дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы дыбыстарды айтқанда қалай қолданатыны балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп тілдің ұшы тістен алыстап, артқы көмейге қарай жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты айтылады. С дыбысын айтқанда ерін азғана ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу келеді, з дыбысы да осы сияқты айтылады. Соңғы дыбысты айтқанда бір ерекшелік—аздаған үн қатысады. Осы дыбыстарды дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды пайдалануға болады.

Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.

Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.

Артикуляциялық жаттығуларды жасау не себепті керек

  1. Артикуляциялық  және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
  2. Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.
  3. Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.
  4. Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері:

Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.

  1. Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.
  2. Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы.  Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді.
  3. Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.
  4. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз. Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.

Ескерту

Жаттығу жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің тарылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе бұлшық еттерінің тарылуы босап, қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және икемді бола бастайды.

Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:

Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу үшун артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.

  1. Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.
  2. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.
  3. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты өзгертпей ұстап тұру).
  4. Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белігі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.
  5. Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.
  6. Бала үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және бала қабырғадағы айна алдында болуы керек. Сонымен қатар, баланың қолында кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см), бірақ ондай жағдайда үлкен балаға қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс. Төменде көрсетілген жаттығулар айна алдында орындалатын жаттығулардың бірі болып табылады.

Тіл кемістігі және оның себептері:Тіл кемістігі деп –сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуы. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып табылады.

Сөйлеу тілінің бұзылуы

  1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді.
  2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді.
  3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.
  4. Баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсерін жиі тигізеді.
  5. Тіл білмейтіндік-дислектизм-тіл кемістігі болып саналмайды.
  6. Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.

Логопедияда «сөйлеу тілінің жетілмеуі», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл кемістігі» деген ұғымдар кездеседі.

Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.  Сөйлеу тілі құрамының әртүрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұрып айтуы немесе мүлде айта алмауы мүмкін. Мысалы: «қарға-қааға», «қарға-қалға». Мұндай жағдайда тіл өзінің негізгі функциясын жоғалтпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Жеңіл тіл кемістіктері бар адамдар актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеуіне бөгет келтіреді.

    Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі делінеді.

    Баланың сөйлеу тілі потологиясының негізгі себептері:

  1. Әртүрлі ішқұрсақ потологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына аналық екіқабат кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринезі аурулар, жарақаттар, резус – фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.
  2. Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі оттегінің жетіспеуі.
  3. Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар
  4. Бас сүйегінің жарақаттануы
  5. Тұқым қуалаушылық факторлар
  6. Әлеуметтік тұрмастық жағдайларының қолайсыздығы

Артикуляциялық жаттығулардың маңызы: Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

– пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығуларды не себепті  жасау керек?

1. Артикуляциялық  және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

2. Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.

3.  Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.

4.  Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері:

1. Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.

2. Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.

3. Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы.  Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді.

4. Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.

5. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз. Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.

Ескерту:Жаттығу жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің тартылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе бұлшық еттерінің тартылуы босап, қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және икемді бола бастайды.

 Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиынтығы.

Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.

Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:

1. Балада дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасу үшін артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.

2. Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.

3. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.

4. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты өзгертпей ұстап тұру).

5. Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белгілі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.

6. Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.

7. Бала үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және бала қабырғадағы айна алдында болуы керек. Сонымен қатар, баланың қолында кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см), бірақ ондай жағдайда үлкен балаға қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/6-Исаева.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]