РЕЦЕНЗИЯ №0143 от 10.03.2023 г.


Астана қаласы әкімдігінің «№5 гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Д.Думшебаеваның

«Ұлттық құндылықтарға негізделген тыңдалым тапсырмалары»

 атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор Г.Д.Думшебаеваның «Ұлттық құндылықтарға негізделген тыңдалым тапсырмалары» атты авторлық бағдарламасының мақсат-міндеттері айқындалған. Жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

          Авторлық бағдарлама оқушыларды қазақ халқының бай рухани мұрасымен таныстыруға негізделген. Бағдарлама авторы тыңдалым тапсырмалары арқылы оқушыларды белгілі бір тақырып төңірегінде тұжырым жасауға, өз    пікірін дəлелдеуге, ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастыруға бағыттауды мақсат етеді.

          Жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы жоғары деңгейде.

          Авторлық бағдарлама бойынша мынадай ұсыныстарым бар: 1) Бағдарламаның рәсімделуін, яғни ақпарат көздеріне сілтеме беру, әдебиет тізімдерін дұрыс рәсімдеу мәселелерін қайтадан қарау; 2) Кіріспе бөлімде бағдарламаның 36 сағатқа есептелгендігі туралы ақпарат берілген, дегенмен тақырыптық жоспарда 35 сағат бөлінген. Соңғы сабақ қорытынды ретінде өткізілсе де тақырыптық жоспарда көрсетілуі керек.

          Жалпы жоғарыда көрсетілген ескертулер ескерілсе, Г.Д.Думшебаеваның «Ұлттық құндылықтарға негізделген тыңдалым тапсырмалары» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

PhD (философия докторы):                                                  М.Аманғазықызы