РЕЦЕНЗИЯ №0161 – 30.03.2023 г.


Ақмола облысы

«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Б.Каскаеваның «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор Л.Б.Каскаеваның «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары» атты авторлық бағдарламасы 34 сағатқа бөлінген.

          Аталған бағдарламада «отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын да-мыту процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қазақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестіктердің қатысуын жандандыру, отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру, жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету, т.б. міндеттер алға қойылған. Осы міндеттерді орындау үшін автордың таңдап отырған тақырыптары көңілге қонымды. Бағдарлама авторы әр сабақты түрлі әдістерді қолдана отырып өткізуді жоспарлайды.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда Л.Б.Каскаеваның «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары» атты авторлық бағдарламасын баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева