«АРТ-ТЕРАПИЯ» бағытындағы авторлық бағдарламасы


Букирова Лаура Турлыбековна
Педагог-психолог
«Лингвистикалық және компьютерлік технологиялық Семей мектеп –гимназиясы» ЖШС «Нұр-Дәулет» балабақшасы

Алғысөз

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды әдіс тәсілдерден гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз жұмыстарында күнделікті пайдаланса, ұйымдастырылған ойын әрекеті тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

        Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. «Арт-терапия» – термині (art- өнер, artterapy- өнер арқылы терапия жүргізу). Алғаш бұл терминді 1938 жылы  Адриан Хилл енгізген. Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: құм терапия, ертегі терапия, сурет терапия, драмтерапия, библотерапия, әуен терапия, кинотерапия, қуыршақ терапия, би терапия, ермексазды терапиясы. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапия көмекші әдістемесі ретінде де қолданады. Арттерапия оқушының шығармашылығы және өнер шығармалары  (картина, мүсін, кітап, кино өнері, ермексаз, қуыршақ) арқылы  жүзеге асырылады.  Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады. Арттерапияның тағы бір  артықшылығы ол қарама-қайшылығы жоқ және балалармен жұмыс жүргізгенде ғана емес, сонымен қатар ересектермен де жұмыс жасағанда жақсы нәтижелер береді. Барлық арттерапиялық әдістер адам шығармашылық құндылығын ойламай, сурет салады, өлең жазады, саздан мүсін жасайды, ертегі ойластырады, билейді деген тұжырымға негізделеді, сомдаған образдарда оның ішкі «Мені» көрініс табады. Шығармашылық  әрекет түрлерінің кең ауқымын қамтиды, сондықтан арттерапия аясында үнемі жаңа бағыттар пайда болады, әр адамға өзін-өзі тануға және өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді. Бала өзінің «Жауһар дүниесін» талдап және жай қарап отырған кезде, адам өз проблемаларының мәнін түсініп, «балдақсыз» және біреудің қосымша көмегінсіз оларды шеше бастайды. Сондай-ақ, арттерапияны жүргізу кезінде мынаны ескеру қажет:ммектепалды дайындық және  ересек топтар үшін (5-6 қатысушыға дейін), кіші топ балалар үшін (4-5 қатысушыға дейін). Адам саны көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психологке оңайға соқпайды. Топ мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау жасауда қиыншылық әкеледі. Бөлме кең және әуенмен жабдықталған, әрі жарық болуы қажет. Қатысушылардың жұмысына интерпретация беруге,  жұмысынан кейін көрме ұйымдастыруға болмайды. Әрбір қатысушының келісімімен жұмысын талдауға, топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. Қатысушы жұмыс барысында тақырыптарды өзі таңдауға болады.  Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, түрлі – түсті қарындаштар, бояулар, әр түрлі мөлшердегі қылқаламдар, губка, суы бар құты, түрлі – түсті скотч, қайшы, жіп немесе арқан, мата, ермексаз, шөп, қуыршақ, мақта, фольга және т.б. Мектепте, балабақшада психологиялық қызметті ұйымдастыруда арттерапияны қолданудың тиімділігі оқушылардың  қызығушылығын,  қабілетін, көркемдік талғамын және басқа да психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың танымдық әрекеттері-зейіні, ойлауы, қиял мен белсенділігін дамытады.  Сонымен қатар оқушы жұмыс жасай отырып, өзінің  ішкі сезімін, жағдайын, әуен немесе қуыршақ арқылы қалыптастырады.

“Арт Терапия“ бағытындағы авторлық  бағдарламаның мақсаты: әр баланың көркемдік қабілетін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту. «Мен» бейнесін қалыптастыру, арттерапияны қолдану арқылы баланың өзі білмеген, өзінен құпияда сақтаған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға қанағаттанушылық сезімін ояту,өзінің  ішкі жан – дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік беру, сенімсіздікті жою.

  “Арт Терапия “ бағытындағы авторлық бағдарламаның өзектілігі– балабақша тәрбиеленушілеріне арттерапиялық тапсырмаларды орындата отырып, сана –сезімі  мен өзін – өзі қабылдауы жоғары – жеке тұлғаны қалыптастыру .

Міндеті : балаларға түрлі бұйымдардан қуыршақ жасату, сурет салдыру, ермексаздан  түрлі бейне құрастыру арқылы бала бойындағы қабілеттерді ашу. Топпен бірігіп жұмыс жасауды, олармен өзара тіл табысуды және қарым-қатынасты дамыту. Өз бойындағы қасиеттерді аша отырып, талдау жасауға үйрету, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту, өзгенің пікірін сыйлап, түсіне білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:  тұлға бойындағы қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдайды. Өмірлік ұстанымы қалыптасады. Өз-өзіне талдау жасауды үйренеді. «Мен» бейнесі  қалыптасады.Өзін – өзі қабылдауы артады.Демек тұлға бойындағы «Мен» қағидасын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді (техникаларды) қолдану маңызды.

         Психологиялық қызмет  жүйесінде тиімділігі: тәрбиеленушілердің қабілеттілігін арттыру үшін жинақталған әдістемелер жүйесі құрылады.

Практикада  маңыздылығы: әр әдістемені жүргізудің әдіс- тәсілдер әрқилы. Олай болса, тәрбиеленушілер психологиялық көмекті барынша алып, өздеріндегі қиындықтарды  жеңуге тырысады, «мен» бейнесін қалыптастырады.

Тәжірибені өткізу әдістері:ермексазды терапия, әуен терапия, би терапия, ертегі терапия, қуыршақ терапия, сурет терапия.

Нысаны: мектепалды дайындық қазақ тобы таңдап алынды.  Бағдарлама негізінде  зеттеудегі 3 оқушы таңдалды.

Мазмұны

Еліміздің эконамикалық – әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі күш – адами капитал, оның еркі, жігері, табандылығы, білімі, қабілеті болып табылады. Сондықтан да, егемен еліміздің ақыл – ой, шығармашылық потенциалын өсіру бүгінгі күннің негізгі мақсаты болып табылады. Осы орайда оқушылардың тұлғалық «Менін» қалыптастыруда, арттерапияда авторлық бағдарламаның берері мол.

Бағдарлама аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жоспарланған. 7 тараудан тұрады. Бағдарламаның ұзақтығы – 25 минут. Зеттеудегі оқушы саны 3.  Мұнда оқушылармен жүргізілетін түрлі әдістемелер алынған.

Тарау анықтамасы

I  тарау. Диагностикалау – 3 сағат.Оқушының ішкі күйін,ортамен қарым-қатынасын,жеке мінез-құлқын зерттеу.

II  тарау. Изо терапия,ермексазды терапия – 5 сағат.Арттерапиялық материалдарды  пайдалала отырып, оқушы бойындағы үрей мен қорқынышты жеңуге, қол ептіліктерін дамыту.

III тарау. Әуен терапия, би терапия  –  3 сағат. Физикалық ахуалы реттеліп, жаңа күш пайда болады. Өзіндік баға беруін, ішкі сезімін қалыптастырады. Тұлғаның өзіндік «Мен» қасиетін түсінуге, өзін-өзі игере алу қабілетін ашады.  Дене мен сана-сезімі тең күш ретінде қарастырылады. Баланың бойындағы табиғат берген жеке тұлғалық жағымды қасиеттері кеңінен ашылып, дами түсуіне терең әсер етеді. Олардың әртүрлі сезімдері мен қайрат-жігерін, шығармашылығын, тәртібімен ұжымшылдығын арттырады.

IV  тарау. Ертегі терапия  –  3 сағат.Ертегілер балалармен қарым – қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді .Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады.Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатыны туралы айтылады.Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен  әрекетті тәсіл арқылы күресу мүкіндіктерін береді. Ертегіні пайдалана отырып, ата- ана мен бала, үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты, бауырмалдық пен қайырымдылықты дәріптеуге болады.

V  тарау. Қуыршақ терапия – 17 сағат.Бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту, баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, өзіндік сана-сезімін дамыту және ұжымдық  жұмыс барысында баланың кез келген мәселелерді келісімді түрде шешу жолдарын қарастыру.

VІ тарау. Диагностикалау – 2 сағат.

VІІ тарау. Арт терпаия-1 сағат. Рефлекциялық бөлім

Психологтың ұстанатын позициясы

. ұйымдастырушы

. ақпараттандырушы

. кеңесші