ТОРҒАЙ ТОПЫРАҒЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ, ҚАЙРАТКЕР- НӘЗИПА


Жасталап Айжан Серікқызы

 Қостанай обл. Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі МД-42 тобының оқушысы

 Жетекшісі: оқытушы Уахитова Алмагуль Абдуалиевна

 Асыл адам айнымас

Бір бетінен қайырылмас

Абай

Ұлттық мәдениет, әдебиет, ғылым тарихында көрнекті педагог оқымысты, журналист-көркемсөзші, жазушы әрі аудармашы Нәзипа Құлжанованың қайраткелік тұлғасы, озық та озат санаткерлік болмысы байтақ бір әлем.

Киелі Торғай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі- Нәзипа Құлжанова. Нәзипа Құлжанова 1887 жылы М.Дулатов, А.Байтұрсынов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге акелген Торғай өңірінде туды. Өнер біліммен ерте сусындап, бірінші орыс революциясына дейін-ақ қазақ қыздарының ішіндегі білімділердің бірі болған. Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім нәрін сусындап, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.                    Оның Торғайда Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған қазақ -орыс мектебінде оқып, тәрбиеленіп шығуының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Өзінің ағартушылық демократ қызметімен Қазақ төңкерісінен бұрын- ақ танылып, есімі ел ішіне кең тарала бастаған еді. Төңкерістен кейін сол білімін өз халқының қажетіне жұмсады. Нәзипа Құлжанованың бастапқы мамандығы-мұғалім. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған бұл кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер білім даярлау керек»,-деп алғыс сөз жазған екен.[1]                                   Нәзипа Сегізбайқызы-ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуымен дамуына салмақты үлес қосқан салиқалы, зезделі зерттеуші. Бұған «Мектептен бұынғы тәрбие»туындысы толық дәлел. Баланы қалайша тәрбиелеп өсіруді, табиғи қалпын бұзбай, мінсіз баулуды, ортасының әсер ықпалы, қалайшы дұрыс, жатық сөйлеуін, көркем мінез, келісті әдет дарыту, баланың саулығы, зейін-зердесінің тәрбиесі жан-жақты терең, әсерлі баяндалады.                                                                                                           Сондай-ақ Нәзипа Құлжанова мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс- қимылдыңда орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген. «Халқыма деп іс қылдым»,-деп Нәзипа Құлжанова өзі айтқандай келешек ұрпағына тәрбиелік мәні бар артына мол мұра қалдырды. Кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі- «Ана мен бала тәрбиесі»кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде  ұсынылған.    [2]                                                                       Нәзипа Құлжанова әйгілі оқымысты Ахмет Байтұрсынов сыр- сезімге толы толқынды жырын бағыштаса, Сұлтанмахмұт Торайғыров халықтың шынайы махаббатын мөлдірете жеткізген. Өрі -қыры бірдей Нәзипа Құлжанова –республикада әйелдер қозғалысына ірі қозғау салған және көптеген ауылдық, уездік комитеттерде әйелдер бөлімін аштырған айтулы жан. Қазақтың қайраткер қызының қаламынан туған түрлі сипаттағы туындылары көп болды. Нәзипа Құлжанова-қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы. Оның осынау қабырғалы шығармасының танымдық, тәрбиелік, тағылымдық мәні мейлінше терең. Оның дүинетаным дәрежесі, ой- өрісінің кеңдігі әлемдік ғылымнан мол хабардарлығы жарқырап көрінеді.    Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар халықтың рухани дүниесіне өлшеусіз үлес қосқаны мәлім. Ұлт руханияты тарихындағы әйгілі қайраткер Нәзипа Құлжанованың ұстаздық, қоғамдық, еңбегі, кесек ой- толғаныстары заманнан -заманға ауысқан сайын жаңғыра бермек.

Ұлт қызметкері Н.Құлжанованың түпкі ойы, көкейкесті мақсаты- көркем әдебиет кештері, ойын-сауықтары арқылы білім- ғылым сәулесін жалпақ елге жеткізу, ұлт әдебиетін ілгері бастыру, мұқтаж оқушыларға жәрдемдесу.

Нәзипа Құлжанова заманында ірі мәдени қоғамдық істердің ұйымдастырушысы, ұйтқысы болған қайраткер. Ол атқарып кеткен мәдени ағартушылық, ұстаздық, журналистік еңбегімен аса биік бағаға лайық тұлға. Нәзипа Сегізбайқызының өмірі қысқа болды. 1934 жылы Ақмолада небәрі 47 жаста дүниемен қош айтысқан қайраткер қазақ қызының өмірі де, сол қысқа өміріндегі кездескен  сан түрлі қиындықтармен атқарған ереулі қызметі де ұмытылмайды, және оның есімі Қазақ мәдениетінің тарихында мәңгілік қалады.[3]

Осы мақалада алып тұлғаның шығармашылық қызметінің бір қыры ғана аз кем сөз етілді.

Халқым деп іс қылған кезінде қолдан келгенше қала, ауыл жастарына қол ұшын беруден, ақыл кеңестерімен дұрыс бағыт сілтеуден аянбаған Нәзипа Құлжанованың есімін орнымен ескермеу тарих алдында ұрпақ парызын жеңілдете қоймаса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Нәзипа Құлжанова»Кәрібжанова Г.А-Семей,2012 жыл 198 бет

2. «Нәзипа Құлжанова- ағартушы, қайраткер»Кәрібжанова Г.А-Алматы, 2004жыл 200 бет

3. «Нәзипа Құлжанова шығармалары»-Алматы, 2014 жыл 384 бет

One Reply to “ТОРҒАЙ ТОПЫРАҒЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ, ҚАЙРАТКЕР- НӘЗИПА”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *